Пациенттің жадынамасы

Сіздің денсаулығыңыздың ахуалы тек қана дәрігердің жауапкершілігіне жатпайды, ол сондай-ақ тең дәрежеде сіздің де жауапкершілігіңіз екендігін есте сақтау маңызды. Дәрігерге барудан бас тартпаңыз, белгіленген күндері жолығып тұрыңыз, ұсынымдарды орындаңыз. Сұрақтар туындаса, дәрігермен бірге талқылаңыз.

Әдетте, АИТВ-сы бар адам 3-6 айда талдауға қан тапсырып тұрады. Денсаулығыңызда мәселелер туындаса дәрігер жақын арада қайта талдауларды тағайындайды. АИТВ-инфекциясы кезінде адамға түрлі талдаулар тағайындалады. Бірақ екі «ең маңызды» талдау бар: иммундық жағдай (CD4 жасушаларды анықтау) мен вирустық ауыртпалық.

CD4 жасушаларды анықтау

Адамда CD4 жасушалар санының қалыпты жағдайы 500-1500 мл/жасушаны құрайды. Жағымсыз жағдайлар, АИТВ-инфекциясының әсерінен иммундық статус төмендейді. Егер CD4 саны 200-500 мл/жасуша болса — онда ол иммундық жүйенің төмендегендігін көрсетеді. Иммундық жағдай 200 мл/жасушадан төмен болса, адамда ауыр да қауіпті оппортунистік инфекциялар пайда болады. Сол себепті адамда иммундық жағдай 350 ал/жасушадан төмен болса немесе тез түсіп кетсе, оған жедел түрде антиретровирустық терапия қажет болады. Адамның иммундық жағдайы үнемі өзгеріп отырады. CD4-тің абсолюттік саны күйзелістен, шаршаудан, аурудан, етеккірден, жүктіліктен немесе жыл мезгілдерінің өзгеруінен болуы мүмкін. Соған қарамастан, әрі қарай иммундық жағдай қайта көтеріледі. Сол себепті, сіздің иммундық жағдайыңыз бұрынғыдан төмен болса, абыржудың қажеті жоқ. Бұлар АИТВ-мен тіптен байланысы жоқ уақытша өзгерістер болуы әбден мүмкін. Дәрігер уақыт ағымымен иммундық жағдайдың өзгеруіне қарайды: АИТВ-инфекциясының адамға әсер етуін өзгерісте ғана анықтауға болады . Жақсысы, иммундық жағдайға тұрақты түрде тапсырып отыру қажет, ал егер сіз жақын арады ауырсаңыз немесе сізде қандай да бір инфекция болатын болса, иммундық жағдайға қан тапсыруды кейінге қалдырған дұрыс.

Вирустық ауыртпалық

Бұл талдау қандағы вирустық бөлшектердің (вирустардың көшірмесі) санын анықтайды және ол көшірмелер/мл санымен өлшенеді. Қанда вирус көшірмесі неғұрлым көбірек болса, CD4 жасушаларының санына вирус соғұрлым көбірек кіреді, солай иммундық жағдай төмендейді. Вирустық ауыртпалыққа тестілеудің «төменгі шегі» бар, яғни тест-жүйе «көре алмайтын» қандағы вирустың саны. Егер қандағы вирустар саны тест-жүйесінің анықтау деңгейінен төмен болатын болса, онда вирустық ауыртпалық белгісіз деп аталады. Бұл қанда вирус мүлдем жоқ дегенді емес, оның өте аз екендігін білдіреді. Әдете 400-500 мл/көшірмелерден төмен вирустық ауыртпалықты анықтауға қиын болады. Белгісіздіктен басталған вирустық ауыртпалық 10000 мл/көшірмелерге дейінгісі – үлкен емес, 10000-нан 50000-ға дейінгі мл/көшірмелер – орташа, 50000-нан 100000 мл/көшірмелерге дейін — жоғары және 100000-нан одан да жоғарысы — өте жоғары болып табылады.

АИТВ-инфекциясының өсуі туралы тек вирустық ауыртпалық тұрақты түрде артса немесе кенеттен вирустық ауыртпалықтың үш есе артуы білінетін болса айтуға болады. Вакцинациялау нәтижесінде немесе аурудың салдарынан вирустық ауыртпалық көтерілуі мүмкін, сонан соң қайта түсуі мүмкін. Сондықтан, көтерілген нәтиже алмас үшін, егер сіздің деніңіз сау болса, вирустық ауыртпалыққа қан тапсыруға ұсыныс беріледі. Егер сіздің қаныңызда жоғары вирустық ауыртпалық болса, онда шәуетте немесе қынаптық бөлінулер құрамында вирус көп болуы мүмкін. Вирустық ауыртпалық неғұрлым жоғары болса, АИТВ-ның берілу қауіпі соғұрлым үлкен болады.

Талдауларды қалай тапсырған дұрыс

Тамақ иммундық жағдай мен вирустық ауыртпалықтың тест нәтижелеріне айтарлықтай әсер ете қоймаса да, бұл талдауларға қанды аш қарынға тапсыру ұсынылады. Вирустық инфекция кезінде бұл тесттерді тапсыру ұсынылмайды, күте тұрған абзал. Сондай-ақ, талдауды етеккір кезінде де жасауға болмайды.

Қанның жалпы талдауы

Зерттеу аш қарынға таңертең жүргізіледі. Денеге түскен ауыртпалықтардан, дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін, әсіресе оларды бұлшықетке немесе көктамырға енгізгеннен кейін қанды тапсыру ұсынылмайды. Рентген сәулесі әсерінен кейін және физиотерапиялық процедуралардан кейін қанды тапсырмау керек.

Қанның биохимиялық талдаулары

Қан тапсыратын күні міндетті түрде толық тамақ ішу режимінен бас тартылады (бір күн бұрынғы кешкі асқа жеңіл ас ұсынылады). Қарқынды физикалық жұмыстан бас тартып және күйзелу жағдайларын болдырмау керек. Түрлі дәрілік заттардың биохимиялық көрсеткіштерге әсері организмнің жағдайына алуан түрлілігі сонша, зерттеуге қан тапсыру алдында дәрі-дәрмекті қабылдаудан бас тарту керек. Егер дәрі-дәрмекті тоқтау мүмкін болмаса, терапиялық мақсатта қандай заттарды қабылдағаныңыз жайлы дәрігерге хабарлауға тиіссіз, бұл зертханалық нәтиже шарттарына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Дұрыс тамақтану

АИТВ өмір сүретін адамдар үшін құнарлы тамақтану өте маңызды. Сізге арнайы диетаның қажеті жоқ - өмір сүру үшін қажетті қарапайым тағамды пайдалану керек. Барлық төмен калориялы түрлі диеталар және ашығу АИТВ індетін жұқтырғандарға өте зиянды болуы мүмкін. АИТВ-инфекциясы кезінде ас үлесінде көптеген белоктар ( ет, құс еті, балық, бұршақ, жаңғақтар және сүт өнімдері), сондай-ақ дәрумендер мен минералдардың (әсіресе, жемістер мен көкөністер) көп мөлшері болуы тиіс.

Дене жаттығулары

Дене мәдениеті мен спорт сіздің денсаулығыңызды нығайтуға және жалпы денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, тұрақты жаттығулар күйзеліс пен мазасыздануды жеңуге көмектеседі, АИТВ-сы бар адамдар үшін өз-өзіне сенімді болу маңызды болып табылады. Керісінше, шамадан тыс жаттығу иммундық жүйе үшін зиянды болуы мүмкін. Жаттығудан кейін әлсіздік пен жабырқаулықты емес, күш-қуаттың артуын сезінуіңіз керек, егер олай болмаса ауыр жаттығулардың қарқындылығын төмендету керек.

Зиянды әдеттер

Алкоголь және темекі тарту сияқты әдеттер, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жиі алаңдатады. Темекі тарту АИТВ жағдайы мен АИТВ-инфекция барысына қарамастан оның әсері денсаулық үшін өте қауіпті болып табылады. Сіз темекіні тастауға бел бусаңыз маман кеңесі немесе жақындарыңыздың қолдауы сізге көмектесе алады, оны күйзеліссіз істеу керек. Қалыпты мөлшерде алкоголь зиян әкелмейді, бірақ ол созылмалы В немесе С гепатиті бар адамдарға қатысты қолданылмайды. Алкогольді шамадан тыс пайдалану иммун тапшылығының артуына және денсаулыққа кері әсерін тигізеді, сондай-ақ кесте бойынша препараттарды қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.

Қауіпсіз секс

Жыныстық жолмен берілетін көптеген инфекциялар (ЖЖБИ) АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға өте қауіпті болып табылады, өйткені, оларды емдеу қиынға соғуы немесе вирустың өсуіне ықпал ету мүмкін. Мысалы, иммундық жағдайдың төмендеуі кезінде мерездің қарқынды дамуы және оның жұғуы қауіпіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, тіпті АИТВ-ны жұқтырған екі адамның арасындағы жыныстық қатынас болғанда АИТВ-ның берілу қауіпі болуы мүмкін. Реинфекция мүмкіндігі - вирустың жаңа, неғұрлым агрессивті түрін жұқтыру ықтималдығы бар. Реинфекция әсерінен ауру жылдам дамуы мүмкін деген пікір бар.