Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер (ЕЖЕ)

Сіздің денсаулығыңызды не сақтай алады?

Ақпарат: жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың болуы АИТВ-ны жұқтыру қауіпін арттыра түсетіндігін білу. АИТВ-ны жұқтырған адамдардың басқа адамдардан  ешқандайда айырмашылығы болмайды, олар тіпті өздерінің АИТВ жағдайын білмеуі де мүмкін. Сол себепті, кез-келген серіктес АИТВ-ны жұқтырудың потенциалды көзі болып табылуы мүмкін.

Көрегендік: жыныстық қатынастар кезінде әрқашанда презерватив қолдан, бұл сені АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғайды. Қорғанған секс — АИТВ мен басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғанудың ең тиімді әдісі.

АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің алдын алу туралы толығырақ ақпаратты Сіз аймақтық ЖИТС Орталықтарына жүгіну арқылы біле аласыз немесе ақпараттық-танымдық материалдардан (АТМ) (белсенді сілтеме) қараңыз.