Француздық дәрігерлер қазақстандық медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасуда

 

5 октября 2017

Төртінші қазанда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығында 1992 жылдан бастап денсаулық сақтау және медицина саласындағы Француз Ұлттық зерттеу институтының тәуелсіз бөлімшесі болып табылатын ЖИТС және вирустық гепатиттер саласындағы Ұлттық зерттеу агенттігінің француздық қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

Кездесуге ЖИТС РО-ның, Алматы қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері және Денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінің қызметкерлері, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «РДСДО» РМК бас директорының орынбасары, ДДСҰ атқарушы комитетінің мүшесі М. Күлжанов қатысты.  

Француздық медицина қызметкерлері ҚР-ғы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ-инфекциясы таралушылығының негізгі тенденцияларымен, ЖИТС қызметінің жұмысы және жетістіктерімен танысты, сонымен қатар, АИТВ-инфекциясы саласындағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Пікірлермен белсенді түрде алмасу - конструктивті диалогқа және ынтымақтастыққа бастау салды.

Все новости »