Қазақстандағы АИТВ тақырыбы бойынша бірінші халықаралық дебаттық турнирге дайындық жөніндегі жұмыстық кездесу

 

11 октября 2017

10 қазанда Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасында Қазақстандағы АИТВ тақырыбы бойынша бірінші халықаралық дебаттық турнирге дайындық жөніндегі жұмыстық кездесу болып өтті.

Кездесуге Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В. Ахметов, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Б. Байсеркин, Қазақстандағы ЮНЭЙДС офисінің директоры А. Голиусов, Қазақ Ұлттық медицина университетінің қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылар іс-шараны жүргізу бойынша ұйымдастыру мәселелерін талқылады, ол іс-шара АИТВ-инфекциясы және одан қорғану шаралары туралы жастардың білімін арттыруға бағытталғандығын атап өтті. Бұл АИТВ-ның алдын алуға, сондай-ақ, студенттердің адамшершілік тәрбиесін арттыруға, цифровизациялауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімді қарым-қатынасқа бағытталған алғашқы дебаттық турнир болмақ.

Турнир Алматы қаласында 21-22 қазан аралығында өткізілетін болады, өткізу форматы – британдық парламенттік, үш тілде. 60 ЖОО-нан 270 пікірталастырушының қатысуы жоспарлануда.

Все новости »