Көкшетау қаласы мәдениет сарайында кең ауқымды акция

 

7 декабря 2017

2017 жылдың 6 –шы желтоқсанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған, «Көкшетау» МС-да  кең ауқымды жастар акциясы өтті.

Қатысқандар  600 адам: Көкшетау қаласының білім беру мектептерінің оқушылары мен ЖОО мен колледждерінің студенттері.

Акцияда әндер айтылып, би ансамбльдері билеп, бейнероликтер таратылды. Облыстық байқаудың жүлдегерлерін марапаттауды рәсімдеу жүргізілді: Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, ең жақсы акция жеңімпазы, Ерментау ауданының Өлеңті орта мектебі болды, екінші орын – Щучинск қаласының Жоғарғы колледжі, үшінші орынды Көкшетау қаласының № 1 құрылыс-техникалық колледжі алды.

 «Мен қорықпаймын, мен білемін!» ең жақсы әлеуметтік ролигі байқауының жеңімпазы - № 5 көпсалалы гимназияның оқушысы – Кренделева Таисия болды, екінші орынды- №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенті – Жамшитов Дархан, үшінші орынды- №1 мектеп-гимназияның оқушысы – Лоскутова Александра алды. Байқаудың барлық жүлдегерлері дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Мадақтамалармен және көтермелеу сыйлықтарымен – Бұланды ауданының Новобратская орта мектебі, Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Мұрагер» аулалық клубы, Ақкөл № 2 орта мектебі және № 1 Ерейментау орта мектебі марапатталды.

АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша, белсенді жұмысына алғыс хаттармен және сыйлықтармен – Көкшетау қаласының Жастар ресурстік орталығы және Ерейментау, Ш.Уәлиханов атынд. КМУ жанындағы «Зияткер» пікірталас клубы марапатталды.

Акция барысында ақпараттық-білімділік материалдары мен жеке қорғану құралдары таратылды.

Все новости »